Ақсәуле Әлжан: "Балаға әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты"
7 арна ұжымы 7 қыркүйек күні Астана мен Алматы қаласының тұрғындарына 7 сағаттық керемет концерт ұйымдастырып жатыр. Алматы қаласында өтетін «Аналар күні» шарасы аясында ең көп мөлшерде бауырсақ пісіруден рекорд жасалады. Рекорд орнату рәсімі енелер мен келіндер арасындағы аспаздық жарыс түрінде өтеді. Нұртас Адамбаев келіндер тобына болысса, Аша Матай енелер тобына жанкүйер болады. «Аналар күні» мейрамын бірге тойлайық, отбасыңызды ерте келіңіз!
Ақсәуле Әлжан, 7 арна журналисті, жаңалықтар жүргізушісі
— Ақсәуле, қызметіңіз сол, күнделікті 7 арнаның жаңалықтарын халыққа жеткізіп отыру керексіз. Бала мен қызметті қалай ұштастырасыз, қалай үлгересіз?
— Мен бұрынғының аналарына таң қалам, Эльвира. Біздің әжелерімізге. Мысалға, менің туған әжем, Мырзағұлова Жәми Мырзағұлқызы мен нағашы әжем Басығарина Маржан Бозайқызы екеуі де дүниеге он-оннан бала әкелген, соларды бағып-қаққан, балаларын білімді, тәрбиелі азамат қылып өсіріп, орын-орнына қондырған алтын құрсақ аналар. Солар сияқты баланы да туып, жұмысты да жасап, шалын да бағып-қағып үлгерген аналарым тұрғанда, 1 баламен жұмысқа да үлгеріп, үйді де игеріп жатырмын деп мақтанғаным дұрыс болмас— Қыз баласы үшін қай жаста ана атанған қолайлы деп ойлайсыз? Өзіңіз неше жасыңызда ана болдыңыз?
— Мен кішкентайымнан еркелеу, еркекшоралау болып өстім. Үйдегілерге де, қасымдағы құрбы-құрдастарыма да «мен ешқашан тұрмыс құрмаймын, біреудің киімін жуып отырамын ба» дейтінмін. Өсе келе, әрине, оның әбестік екенін, отау құру, ана болу – әйел адамның негізгі «жұмысы» екенін түсіндім. Өзім 26 жасымда тұрмыс құрып, 27 жасымда ана атандым. Тұңғышымыздың аты – Әлиасқар, жасы қазір 3-те. Балалы болғаннан кейін барып, баланың қызығы не екенін түсіне бастағандай болдым. Баланың басты қызығы – оның өсіп-өнгеніне куә болып, оның баласын қызықтау. Былайша айтқанда, әже болуға асығып жүрмін Сол тұрғыдан алғанда, мүмкіндік болса, қыздарға тұрмысқа ертерек шығып, ертерек ана атануға кеңес берем. Өйткені, сонда немереңнің ғана емес, шөбереңнің де қызығын көру бұйыруы мүмкін.— Баланы дүниеге әкелгенде анада түрлі сезім болады дейді ғой: бірі алғашында баласын жатырқайды, бірі, керісінше, елжіреп тұрады. Сізде қандай сезім болды?
— Эльвира, сұрақтарың тереңнен кетіп жатыр ғой. Бұл әр адамның жеке, жақын адамына ғана ашатын сыры ғой, сондықтан бұл сұрақты жауапсыз қалдырайын. Бір ғана сөз айта алам: Ұлымның анасы болғаныма БАҚЫТТЫМЫН.— Түн ұйқыңызды бөліп, бөбек ауырып қалып, оны жұбата алмаған сияқты қиындықтардан қалай өттіңіз?
— Ия, баланы дүниеге әкелу – одан кейінгі қиындықтардың ең оңайы сияқты көрінеді маған. «Сенің табаныңа қадалған тікен менің маңдайыма қадалсын» деген мәтел осы жағдайды жақсы сипаттайды. Әр ана үшін солай деп айта аламын. Әсіресе, бала дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 3 ай аса қиын болады, меніңше. Сол уақытта да, содан кейінгі уақытта да маған көмектесіп жүрген енем мен анама үлкен алғысымды айтам, сол кісілердің көмегінсіз қиын болар еді.— «Балаға қанша тәрбие берсең де, өзіңе ұқсайтын болады. Одан да өзіңді тәрбиеле,» деген бар. Сіз балаңызға қандай тәрбие беріп жатырмын деп ойлайсыз?
— Ол да дұрыс. Бала бізге қарап бой түзейді. Бірақ ауызша айтқан ақылдың да артықтығы болмайды. Кішкентайымыздан «үлкенге сәлем бер», «қартқа ізет жаса», «кішіге қамқор бол» деп, үлкендер құлағымызға құйып отыратын, солардың ақылын алғаннан кем болғанымыз жоқ. Қазақтың тәрбие беру дәстүрі баланы имандылыққа, сыпайылыққа, әдептіліккке баулиды. Осы қасиеттермен қатар үлымыздың бойына өжеттілік, ердің мінезін, өз шешімін негіздеп, өз таңдауын өзі жасай алу сияқты қасиеттерді бергіміз келеді жолдасым екеуміз.
— Баланы қол көтеріп, қорқытып, ұрысып өсірген дұрыс па, сіздіңше?
Еркелеу болдым деп айтып кеттім жоғарыда, шыны керек, анамнан таяқ жеген күндерім болды. Әкем марқұм бізге, қыздарға да, інімізге де қол көтермек түгілі даусын көтеріп көрмеген адам еді. Өте сирек жағдайда, егер шынымен, еркелік бастан асып жатса, «Ш» дәруменімен «укол» жасап жіберуге қарсы емеспін Бірақ, негізгі тәрбие, күнделікті бағыт-бағдар баламен түсіністік, сенімділік, махаббат жағдайында өту керек. Қатты қорқытқан, көп ұрысқан бала жасық болып өсуі мүмкін, оның несі жақсы?
— Әке балаға қатал болу керек пе?
— Өзге отбасыларды білмеймін, өз әкем балаға өте жұмсақ, өте мейірімді адам еді. Қазір де Әлиасқар үшін мамасы мен папасын салыстырса, «хороший коп» папасы да, «плохой коп» — мен. Өзіміз сөйтіп бөліп алғанбыз рөлімізді. Сондықтан, егер балаға «әй» деп отыратын адам болса, әкенің қатты қаталдығы керек те емес сияқты.
Қазіртанымалтұлғалардыңқайсысыналмасақ та, бәрікөпбалалы. Сіздіңжоспарда алтын, күмісалқағаталпынужоқ па?))
Алла берсе, бәрі де болады.
— Балаңыз үшін әлденеден бас тартқан, құрбан қылған жаңдай болды ма?
— Жоқ, керісінше. Балам дүниеге келмей тұрып, декреттік демалыстан бастап өз-өзімді жетілдіруге, түрлі кітаптар оқуға ұмтылдым. Қазір де ұлымның мақтанышына айналайыншы деп, өзімді жан-жақты дамытуға тырысып жүрем. Сондықтан, балам үшін ештеңені құрбан қылмағаным былай тұрсын, ол маған, керісінше, орасан зор, үлкен «сыйлықтар» жасады.— Балаңыздың күтушісі бар ма? Ол балаңызға ойдағыдай тәрбие береді деп сенесіз бе?
— Астанада қазір жақсы күтушіге сұраныск өп. Менің құрбыларымның бәрінде дерлік күтуші бар, күнде күтуші іздеп, аласұрып жатқан бір келіншек хабарласады Соған қарағанда, жақсы күтуші табу – қиынның қиыны секілді. Сондықтан, егер, мүмкіндік болса, анаңыз немесе енеңіз келіссе, әжелерден асқан «күтуші» жоқ-ау өмірде. Құдайға шүкір, әзірге күтуші көмегіне жүгініп көрген емеспіз.— Баласының болашағына алаңдамайтын ана жоқ. Ұлыңыздың болашақтағы таңдауы қандай болмасын қолдаймын деп ойлайсыз ба? Әлде өзіңіздің көздегеніңізді осы бастан үйретіп жатырсыз ба?
— «Қарға баласын аппағым дейді». Мен үшін де ұлымыз – асқан ақылды, талантты бала болып өсіп келе жатқан секілді, осы үмітімізді Алла бере көрсін. Болашақта немен айналысам десе де, өз еркі болады. Қазір байқасаңыз, бастауыш сыныптардағы балалар 3 тілде еркін сөйлейді, компьютер, техниканың құлағында ойнайды, спортта, өнерде жан-жақты дамыған бүлдіршіндер. Жыл өткен сайын Қазақстанда «сапалы» балалар саны көбейіп келеді. Сондай балаларға біз не ақыл айта алармыз дейсіз? Аман болсын, әйтеуір— Сұхбаттасқаныңызға рахмет!
Алматы қаласы Горький атындағы Мәдениет және демалыс паркінде, ал, Астана қаласын Мега ОСО-да өтетін аналар күніне арналған концертке келіңіздер! Концертке Турал, Altygirls триосы, Роза Мұқатаева, Турал Рахимберлин және басқа да әншілер қатысады. Сіздерді сағат 10:00-17:00 аралығында күтеміз!